Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев әлемдік рейтингте жоғарылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Алан Құрманғалиев Халықаралық үстел теннисі федерациясы жариялаған жаңартылған әлемдік рейтингте өз орнын жақсартты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Алан Құрманғалиев
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы 19 жасқа дейінгі үздік спортшылар тізімінде жоғарылады.

Жақында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен WTT Youth Contender жарысында Құрманғалиев алтын медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік оған сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Рейтинг көшбасшысы - Феликс Лебрен (Франция).

Айта кетейік, Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде бірден 28 сатыға жоғары көтерілді.

 

Соңғы жаңалықтар