Үстел теннисі: Герасименко United States Smash турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен United States Smash атты ірі халықаралық турнир басталды. 

Герасименко
Фото: olympic.kz

Отандасымыз алғашқы кездесуін бельгиялық спортшы Мартин Аллегроға қарсы өткізді. Тартысқа толы матч 3:1 есебімен Герасименконың жеңісімен аяқталды.

Екінші кезеңде Кирилл Герасименко Хо Кван Кит (Гонконг) пен Маркос Мадрид (Мексика) арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар