Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирде әлем чемпионымен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай астанасы Бейжіңде үстел теннисінен China Smash 2025 ірі халықаралық турнирі басталды.

Кирилл Герасименко
Фото: ҚР ҰОК

Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, 27 қыркүйекте ол екінші айналымда Швеция спортшысы, әлем чемпионатының жұптық сайысында жеңімпаз әрі жекелей сында күміс жүлдегер атанған Маттиас Фалькпен кездеседі.

Айта кетейік, Герасименко мен Фальк Германияның «Вердер» клубында бірге өнер көрсетеді.

Еске салсақ, Елена Рыбакина Бейжің турнирінің үшінші айналымына шықты.

Денис Евсеев Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті.

17 жастағы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар