14:08, 19 Мамыр 2025 | GMT +5
Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
АСТАНА, KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңіске жетіп, алтын медаль алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды.
Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. Кеше Жапониядағы Куруме ITF W50 турнирінде чемпион атанған Зарина Дияс бірден 43 сатыға жоғарылап, 318-ден 275-ке ауысты.