Әлем чемпионаты: Алан Құрманғалиевтің алғашқы қарсыластары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты басталды.

Алан Құрманғалиев
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс аясында 19 жасқа дейінгі санатта Алан Құрманғалиевтің жекелей, жұптық және аралас сайыстағы алғашқы қарсыластары анықталды.

Жекелей сын, 1/16 финал:

Алан Құрманғалиев - Энрике Риос (Пуэрто-Рико)

Аралас жұп, 1/16 финал:

Алан Құрманғалиев / Хана Года (Қазақстан / Мысыр) - Энрике Риос / Кристал Мелендес (Пуэрто-Рико)

Жұптық сын, 1/8 финал:

Алан Құрманғалиев / Беньямин Фараджи (Қазақстан / Иран) - Тиаго Абиодун / Юлиан Чирита (Португалия / Румыния).

Айта кетейік, қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінде үздік шықты.

Соңғы жаңалықтар