Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Ташкентте ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — 19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді.

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Ташкентте ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан 10 спортшы бақ сынайды.

Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки кірді.

Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.