Үстіне футбол қақпасы құлаған елорда тұрғыны мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде ер адамдың үстіне футбол қақпасы құлаған сәтінің видеосы тарады.

- Алдын ала мәлімет бойынша, жазатайым оқиға болған. Ер адам футбол ойыны кезінде қақпаға көтерілмек болған, салдарынан қақпа құлап, оны басып қалған, - делінген елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіледі, - дейді полиция департаментінен.
Таяуда ғана астаналық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды.
Еске сала кетсек, қаңтарда елордада 19 жастағы жігіт атылып қалған еді.
Айта кетейік, жақында елордада адамның мүрдесі табылған еді. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, елорда тұрғыны Манхэттен-3 тұрғын үй кешенінен құлаған.