Үстірт қорығында бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі мекендейді
АСТАНА. KAZINFORM — Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстандағы ең бірегей табиғи аумақтардың бірі. Қатал шөл климаты мен тасты жер бедеріне қарамастан, бұл өңір тіршілікке өте бай.
Соның ішінде бауырымен жорғалаушылар фаунасы Үстірт қорығы табиғатының ерекше бір қырын танытады.
Ғалымдардың дерегіне сүйенсек, қорық аумағында бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, оның Қазақстан Қызыл кітабына енгені 1 түрі Паллас қарашұбар жыланы мекендейді.
Халық арасында бұл жыланды сары түсінің басымдығына байланысты «сарыүйек» деп атайды.
Бауырымен жорғалаушылар шөлді аймақтың ыстық пен суыққа толы климатына эволюциялық тұрғыда бейімделіп, тіршілігін жалғастырып келеді.
Паллас қарашұбар жыланы (сарыүйек) Қызыл кітапқа енген.
Айта кетелік Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалған еді.