Үстірт қорығындағы жануарлардың табиғат аясындағы тіршілігі фототұзаққа түсірілді

АҚТАУ. KAZINFORM – Маңғыстауда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға мүмкіндік беріп отыр.

  Үстірт қорығындағы жануарлар
Фото: Үстірт қорығындағы жануарлар

Үстірт қорығының аумағында сүтқоректілер мен құстардың ондаған түрі мекендейді. Олардың арасында Үстірт муфлоны, қарақұйрық, ақбөкен, қарақал, манул, құм мысығы, шұбар күзен, бал борсық, қарсақ және түлкі бар. Сонымен қатар қорық аумағында қасқыр мен шибөрі де кездеседі.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Сирек кездесетін құстардың қатарында бүркіт, дала қыраны, ителгі, лашын, тазқара, жыланжегіш, үкі, қоқиқаз және жорға дуадақ бар.

 Үстірт қорығындағы жануарлар
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Жануарларды бақылау үшін қорық аумағына арнайы фототұзақтар орнатылған. Автоматты камералар мамандардың көмегінсіз-ақ, жануарлардың фотосы мен бейнежазбасын түсіруге мүмкіндік береді.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Мамандар алынған материалдар арқылы жануарлардың қозғалысын, мінез-құлқын, таралу ерекшеліктері мен тіршілік ету жағдайын зерттейді. Фототұзақтар жануарлар дүниесінің жағдайын тұрақты бақылауға да мүмкіндік береді.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Қорық мамандарының айтуынша, автоматты камераға түскен әрбір кадр табиғаттағы белгілі бір сәтті көрсетіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер үшін де маңызды. Жиналған материалдар биоалуантүрлілікті бақылау және оны сақтау жұмыстарына пайдаланылады.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

Бұған дейін, Былтыр 11 аралда бар еді, биыл екеуінде ғана: Каспийдің тартылуы итбалыққа қалай әсер етіп жатыр.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы