Утиль алымына қарсы петиция: Бастамашылар Семейде көлік зауытын көруге келмеді

зауыт
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобы Семейде жүр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, петиция бастамашылары зауыт аралауға келмеген. 

Утиль алымына қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобы кәсіпорындарды аралау үшін  20 маусымда Семейге келді.

Алайда бұған дейін Көкшетау мен Алматыдағы зауыттарды аралауға қасақылық жасаған петиция бастамашылары мен белсенділері жұмыс тобының отырысына тағы да келмеді.​

Жұмыс тобының құрамында Парламент депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, «Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.

Топтың өзге мүшелері «Вельт Логистик» ЖШС-де болды. Кәсіпорын қалқаланған, изотермиялық және өнеркәсіп тауарлар фургондарын, сондай-ақ рефрижераторлы фургон өндіреді.

Жылдық тауар айналымы — 1,6 млрд теңгеден астам, кәсіпорынның ауданы — 4 мың шаршы метр.

Зауыт аймағында дәнекерлеу, сырлау, құрастыру цехтары, ағаш өңдеу цехы, тент тігу цехы және қоймасы бар.

2024 жылы өндірістік цехтың құрылысы басталды, ол зауытты 12 мың шаршы метрге кеңейтеді.

«Вельт Логистик» ЖШС өнімдерінің негізгі тұтынушысы — «СемАЗ» ЖШС. Біз өндірісті кеңейтіп, 15 гектар жер алдық. Олар екі кәсіпорын да жақын болсын деп бізге жақындау жер алып жатыр. Біз жаңа аудандарда бірнеше модельді шағын блокты CKD құрастырумен айналысамыз, оның бірі — ГАЗель. ГАЗель моделіне арналған изотермиялық кабиналар мен бүкіл қондырманы біз барған «Вельт Логистик» ЖШС жасайды. Компания өнімдерінің басым бөлігі «Qarmet» қазақстандық металдан жасалған», — деді «СемАЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Қадыролла Жұмағұлов.

Петицияны егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобының мүшелері зауыттың өндіріс барысымен танысты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жұмыс тобының отырысы бір мәрте өтпей қалған еді. 

Соңғы жаңалықтар