Уттаракхандтағы су тасқыны бақылауға алынды -Үндістан Премьер-министрі

УТТАРАКХАНД. ҚазАқпарат – Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Уттаракханд штатындағы мұз көшкіні салдарынан туындаған су тасқынының бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Уттаракхандтағы су тасқыны бақылауға алынды -Үндістан Премьер-министрі

«Уттаракхандтағы жағдайды үнемі бақылап отырмын. Үндістан Уттаракхандқа қолдау көрсетеді және ұлтымыз барлық жанның амандығын тілейді. Билік орындарымен ұдайы байланыстамыз. Төтенше жағдайлардың алдын алу және iс-қимыл жасау бойынша Ұлттық күштердің құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстары жөніндегі жедел ақпараттарды алудамыз», деп жазды ол Twitter -де.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Үндістанның таулы аймағындағы Уттаракханд штатында қар көшкіні салдарынан өзен суы тасып, табиғат апатынан 150-ге жуық адамның қаза тапқандығын хабарлаған болатынбыз.