Үй алып берем деп, тұрғындардан 198 млн. астам теңге жымқырған алаяқ ұсталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының 1978 жылғы тұрғыны Қарлығаш Хафезованың үстінен алаяқтығы үшін жиырмадан астам қылмыстық іс қозғалып отыр.
None
None

БҚО ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашевтің айтуынша, ол өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес үй алып берем деп, тұрғындарды алдаған. Барлығы 26 тұрғынның 198 млн. астам теңгесін жымқырып кеткен. Ол бастапқыда таныстарын үй алып беретініне сендірген. Адамдардың алғашқы легі ақшаларын беріп, кейін үй сұрап, талап еткенде, барлық пәтер сатылмай жатқанын айтып, басқа кісілерді алып келуін өтінген. Солай жалғаса берген. Орта есеппен адамдар 30-40 мың доллардан ұстатқан. Жәбірленушілер бұдан көп болуы да ықтимал. Аталған әйел алаяқтығы үшін 2011 жылы сотталған, бірақ кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған. Бұдан сабақ алмаған әйел «ескі әдетіне» басқан болып тұр.

Соңғы жаңалықтар