14:24, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Үй иесін скотчпен байлап, оның 1 млн. теңгесі мен алтын бұйымдарын қолды еткен студенттер тобы ұсталды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысының полицейлері 43 жастағы қала тұрғынына қарақшылық шабуыл жасау қылмысын ізін суытпай ашты.

ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, Ұзынкөл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Итсары кентінде қарақшылық шабуыл жасаған үш күдіктіні ұстады.
Қостанайлық үш студент терезе арқылы жәбірленушінің үйіне кіріп, үй иесін скочпен байлап, ақша талап еткен. Күдіктілер үйдің ішіндегі құпия жерден 1 млн. теңге мен алтын бұйымдарды алып кетеді. Қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, қылмыскерлер бір тәулік өткеннен кейін қолға түсті. Қылмыскерлер кінәсін мойындады, олар ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды.