Ұялы байланыс операторы телефонға арналған жаңа «Лимитсіз интернет лайт» қызметін іске қосты

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «КаР-Тел» ЖШС интернетке телефон арқылы шығатын абоненттерге арналған «Лимитсіз интернет лайт» қызметін іске қосты.
None
None

Бұрынырақ олар интернетке смартфон арқылы шығатын абоненттерге арналған «Лимитсіз интернет про» ұсынысын іске қосқан. Бұл қызмет абоненттерге өз уақыттарын сапалы пайдаланып, интернетке кететін шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Жаңа қызмет интернетке телефон арқылы шығатын абоненттерге арналған. Онда тәулігіне 39 теңгелік тұрақтандырылған абоненттік төлемі бар аталмыш қызметті қосқанда, пайдаланушыға тәулігіне 45 Мб интернет-трафик ұсынылады. Интернет-трафик үшін қосымша қаражат алынбайды», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс менеджері Байрам Азизов. Оның айтуынша, тәулігіне 45 Мб мөлшеріндегі трафик көлемі әлеуметтік желілер мен электронды пошта арқылы толыққанды мобильді қарым-қатынас жасап, интернет-беттерді қарауға жетеді.

Соңғы жаңалықтар