Үйде аш қалған 40 мысық қарттың мәйітін жеп қойған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде  Омбы қаласында өзінің мысықтары жеп қойған зейнеткердің мәйіті табылды. 

Үйде аш қалған 40 мысық қарттың мәйітін жеп қойған

Бұл жайлы жұма күні Om1.ru порталында жарияланды.

Зейнеткер жеке үй-жайда өзі жалғыз  болған. Өзі ғана тұратын ол үйінде 40 мысық ұстаған көрінеді. Портал мәліметінше, зейнеткер уақытының көп бөлігін үйінің ауласында өткізіп, анда-санда дүкенге барып тұрған.

Оны көршілері соңғы рет шілде айының басында көрген. «Алаңдаулы көршілері кейінгі кездері  зейнеткердің не көшеге, не дүкенге шықпай қалғанын байқаған. Олар үй маңын аралап шыққанымен, күмән тудырарлық ешнәрсе көрмеген», - делінген портал хабарламасында. Осыдан кейін қала тұрғындары полиция қызметіне жүгініп, тәртіп сақшылары зейнеткердің үйінің есігін бұзып кіреді. Үй ішінен ер адамның мәйіті табылған. Болжам бойынша аш қалған мысықтар зейнеткердің мүрдесін азық етіп, артынан бірін-бірі жей бастаған. Хабарламада соңында тек бір жануардың ғана тірі қалғандығы айтылады.