«Үйдің бағасын кім ұстап отыр?» республикалық басылымдарға шолу
***
«Кеше Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Эстония Республикасының Үкімет басшысы Андрус Ансиптің қатысуымен екі ел кәсіпкерлерінің екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылау, іскерлік байланыстарды орнату, бірлескен өндірістерді құру, экономиканың түрлі салаларында екі ел аумағындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру мәселелеріне арналған бизнес-форум өтті». «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі саны «Ықпалдастық ұлғая түспек» деген тақырыппен аталған форумға назар аударды.
Кең даланы дүбірлеткен орақ науқанына назар аударған келесі мақала Аталмыш басылымда «Сын сәттегі серпіліс» деген тақырыппен берілген. «Ел үмітін ақтау - солтүстік қазақстандықтар үшін берген сертпен бірдей, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттарына қарағанда 3,9 миллион гектар дәнді дақылдар алқабынан 1 миллион гектардан астамы дестеленіп, жарты миллион гектарға жуығы бастырылды. Орташа шығымдық 12,8 центнерден айналды», - дейді басылым.
***
«Соңғы деректерге қарағанда, жыл соңына дейін жаңа үлгідегі үйлердің әр шаршы метрі бұрын - соңды болмаған деңгейге төмендемек», - дейді ««Айқын» газетінің бүгінгі саны. Баспана мәселесі кімдердің құлағын елеңдетпейді? Тұрғын үй төңірегіндегі соңғы пайымдауларды білгіңіз келсе, «Үйдің бағасын кім ұстап отыр?» деген мақалаға назар аударыңыз.
«Биылғы жылы неліктен екені белгісіз, оңтүстік өңірінен қара бұлт үйіріліп кетпей қойды. Олай дейтініміз, кеше таңертең Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да бір әскери тікұшақ апатқа ұшырады».
«Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Тікұшақ құлады» деген мақала Оңтүстік Қазақстан облысындағы тосын оқиға туралы баяндайды.
Сондай -ақ аталмыш басылымның «Қарағандыда мемлекеттік тілдің хәлі мүшкіл» деген тақырыптағы мақаласы ана тіліміздің тағдырына назар аударған.
***
Денсаулық сақтау министірлігі 2009 жылдың 1 тамызынан бастап медициналық ұйымдарды аккредиттеуді бастады. Мұның өзі денсаулық сақтау мекемелеріне тиімді ме, әлде халыққа пайдалы ма, жалпы осының мәні неде? Көпшіліктің көңілінде жүрген осы сауалдарға жауап іздегіңіз келсе, «Алтын орда» апталығының бүгінгі санындағы «Дәруі мол дәрігер қайда?» деген тақырыппен берілген сұхбатқа назар аударыңыз.
«11-13 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында өтетін басқосуда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түркіменстан мемлекеттерінің басшылары Каспий маңы елдерінің өзара бірлескен іс-қимылдары, энергетикалық ынтымақтастығы, мемлекетаралық қатынасты дамыту, Каспий теңізінің статусы жөніндегі келісім процесінің барысы туралы мәселелер талқыланады деп күтілуде». Аталмыш басылымның «Каспийді қалай бөлеміз?» деген тақырыптағы мақаласы осы мәселе төңірегінде жазды.
Сондай -ақ «Алтын -орда» басылымы «Ұлға - отыз, қызға - қырық үйден тыиым» деген тақырыппен ұрпақ тәрбиесі жайында да ой қозғайды.
***
«Казахстанская правда» газеті Қазақстан мен Эстонияның Премьер-Министрлері Кәрім Мәсімов пен Андрус Ансиптің қатысуымен сейсенбіде, Астанада өткен қазақстан-эстон бизнес форумын баяндай келе, Эстонияның ірі кәсіпорындарының бірі «Таллин порты» Қазақстанды маңызды стратегиялық әріптесі санайды, деп жазады.
МИ-8 құйрығымен жартасқа соғылып апатқа ұшыраған. Орын алған апақта байланысты осындай алдын-ала болжамды «Экспресс К» газеті Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап береді. Бұл оқиғаның жай-жапсарын «Литер», «Комсомольская правда Казахстана» басылымдарынан да оқуға болады.
«Литер» газеті электрэнергиясы бағасын көтеру мәселесі бүкіл Қазақстанды қамтып отырғанын жазады. Басылымның хабарлауынша, 2009 жылдың басынан бері Монополияға қарсы агенттіктен тарифті көтеруді талап еткен.