Үйіне газ тарттыру үшін 700-ден астам елордалық зейнеткерге қаржылай көмек көрсетілген

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үйіне газ қосу үшін 700-ден астам елордалық зейнеткерге қаржылай көмек берілді. Бұл туралы бас шаһардың коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жұмыспен қамту орталығы және қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы 185 мың адамға әртүрлі көмек көрсетеді. Қаламызда 110 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Осы санатқа бірнеше көмек көрсетілуде. Ол – шипажайлық емделу, тегін жол жүру, қарттар күніне арналған 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде көрсетілетін көмек бар. Сонымен қоса, қатты отын сатып алуға 55 200 теңге және зейнеткерлердің үйіне газ қосу бойынша 448 500 теңге көмек береміз. Газдандыру бойынша көмек қазіргі таңда 700-ден астам зейнеткерге көрсетілді», - деді Айгүл Таласова.

Оның айтуынша, егде жастағы жалғызбасты елорда тұрғындарына тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша қаржылай қолдау жасалады.


Соңғы жаңалықтар