Үйінен қашып кеткен бойжеткендердің бірін полицейлер көңіл көтеру клубынан тапты - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы полицейлері үйінен қашып кеткен кәмелет жасқа толмаған екі қызды тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Олардың бірі, 1998 жылы туған Сарқан ауданының тұрғыны. Ол 23 мамырдан бері Сарқан ауданы бойынша іздеуде болған. Екіншісі, 2000 жылы туған Еңбекші қазақ ауданы Маловодное ауылының тұрғыны. Оны соңғы екі тәулік бойы Еңбекші қазақ АІІБ қызметкерлері іздеген.

Бойжеткендер бұған дейін де ата-аналарын үрейлендіріп, үйден қашып кеткен. Кәмелет жасқа толмаған Сарқан тұрғынын тәртіп сақшылары Талдықорғанның көңіл көтеру клубтарының бірінен тапты. Ал, 9-сынып оқушысын полицейлер Алматы қаласынан тапқан. Екеуі де ата-анасына қайтарылды», делінген облыстық ІІД-нің іздеу бөлімі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар