Үйір-үйір жылқы мен отар-отар қой өргізген ата-баба кәсібін бүгінгі ұрпақ - жастар жалғастыруда - Еркінбек Әбиров
"Ұланғайыр даламыздың төсін еркін жайлаған көшпенді ата-бабамыз 4 түлікті қасиет тұтып, мал шаруашылығын өмірінің өзегі еткен. Амандықты сұрасқанда да, «мал-жан аман ба?», деп алдымен малды ауызға алуының өзінде де үлкен мағына жатыр», - деді "Айршир" ЖШС атқарушы директоры Еркінбек Әбиров.
Оның айтуынша, аталмыш серіктестікке 2010 жылы мемлекет тарапынан 9 миллион 200 мың теңге көлемінде субсидия бөлінді. Шаруашылық бойынша 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 5700 долларды құрады. "Сыбаға" бағдарламасын жүзеге асыруда қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырларының 160 басы бағылып, өсірілуде. "Айршир" асыл тұқымды сиырының әрқайсысынан орта есеппен 5400 келіден астам сүт сауылды. Салт-дәстүрмізді көздің қарашығындай сақтап және көптің көкейіне үміт отын жағып, әрқашан биіктен көрінуге әзірміз", - дейді шаруа қожалықтарының ең іскер, жас басшыларының бірі Е. Әбиров.