«Ұйқылы» Калачи ауылының тұрғындарына жаңа пәтердің кілті тапсырылуда (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Есіл ауданының Заречное ауылында «ұйқылы» Калачи ауылынан көшірілетін 7 отбасына жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
None
None

Салтанатты шараға аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Еске сала кетсек, Заречное ауылындағы екі қабатты ғимарат 20 жылға жуық уақыт бос тұрған болатын. Биыл облыс әкімінің ұсынысымен ғимарат 8 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөнделді. Ол үшін серіктестік өз қалтасынан 45 миллионнан астам теңге қаражат жұмсаған.

«Заречный» ЖШС-нің директоры Уәлихан Ариповтың айтуынша, көшірілгендердің барлығы - зейнеткерлер. Оларға пәтер мен тұрмыстық жиһаз қайтарымсыз, тегін беріліп отыр. Сондай-ақ, жылу, су ақысын да серіктестік өз мойнына алмақ. Жаңа пәтер иелері тек пайдаланған электр энергиясы үшін ғана ақы төлейтін болады.

Сонымен қатар, осы күні Державинск қаласында қалпына келтіріліп жатқан 75 пәтерлі тұрғын үйден 17 калачилік отбасыға жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Оның ішінде екі отбасы бүгін көшіп барды.

Соңғы жаңалықтар