Ұйқының қанбауы диабетке шалдығу тәуекелін арттырады - ғалымдардың пікірі

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Ұйқының қанбауы диабетке шалдығу тәуекелін арттырады екен. Уорик университетінің ғалымдары (Англияның Уорикшир графтығы) алты жыл бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарынан кейін, осындай түйінге келіп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

Ғалымдар ұйқының қанбауы мен диабетке шалдығардың алдында адам ағзасында орын алатын IDG (аш өзек жағдайда гликемияның өз еркімен бұзылуы) құбылысының арасында тікелей байланыстың бар екенін анықтаған. IDG белгісі байқалған адамдардың ағзасы қандағы глюкозаны тиімді реттеу қабілетін жоғалтады, соның салдарынан адамның екінші типтегі қант диабетіне (инсулинге тәуелді диабетпен) шалдығу тәуекелін арттырады.

1 мың 455 пациенттің денсаулығын бірнеше жыл бойы бақылаған ғалымдар, адамның түнгі ұйқысы үнемі 6 сағаттан кем болса, оның диабетке шалдығу тәуекелі үш есеге артады деген қорытындыға келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар