Үйректің балапаны 2018 жылғы хоккейден әлем чемпионатының белгісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы хоккейден Данияда өтетін әлем чемпионатының ресми белгісіне үйректің балапаны таңдалып алынды, деп хабарлайды Халықаралық шайбалы хоккей федерацияс ы.

Үйректің балапаны 2018 жылғы хоккейден әлем чемпионатының белгісі болды

Чемпионат белгісін таңдап алуға шабыттандырған Ганс Христиан Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі болды. «Ұсқынсыз үйректің» аққуға айналуы соңғы 15-20 жылдағы балалар хоккейінің дамып келе жатқандығын білдіреді.

Қазіргі уақытта үйректі таңдауға дауыс беріліп жатыр.