Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Көкшетау қалалық Салық басқармасының бас маманы да болған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖКД қызметкерлері Ғ.Арыстан басқаратын 5 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ЭҚСЖКД баспасөз қызметінен.

Қаржы полициясының мәліметі бойынша, аталған қылмыстық топ 2011 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың қыркүйегіне дейін заңды кәсіпкерлікпен айналысудан әрі бюджетке салық төлеуден жалтарып, бірқатар заңды тұлғаларды құрған. Олар Павлодар, Астана, Алматы және Көкшетау қалалары мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарындағы контрагенттеріне қызмет ұсыну арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырумен салық төлеуден бюджетке түсетін табыстың азаюынан мемлекетке 9 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Осыған байланысты ҚР ҚК 235 бабының 1,2 бөлімі (қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, оған қатысқанмен пара-пар) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көрсетілген баптағы санкцияда дүние-мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылдан 12 жылға дейін жазаға тарту қарастырылған. Бір айта кетерлігі, ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің бірі Көкшетау қаласы бойынша Салық басқармасында бас маман болып қызмет істеген.

2013 жылдың қазанында қылмыстық іс аяқталып, Көкшетау қалалық сотына жіберілген болатын. Осы іс бойынша 200 куәгерден жауап алынды. Қазіргі кезде қозғалған қылмыстық іс 110 томды құрап, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Ғ.Арыстан үй қамауына алынды.

Соңғы жаңалықтар