«Үздік туристік бағыт» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды
Байқауда туристік компаниялар 19 жобаны таныстырды. Әділқазы алқасының құрамына инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстандық туристік қауымдастық, «Қазақстандық индустрияны дамытудың институты», туризм саласының құрметті қайраткерлері енді.
Қорытынды бойынша әділқазы алқасы 3 жеңімпазды таңдап алды. Олар: «САЯТ» туристік фирмасы, «Complete Service» халықаралық туристік компаниясы, «Круиз» туристік агенттігі. Осы компаниялар Қазақстан елордасы бойынша қызықты бағыттарды ұсынды.
«Саят» турфирмасының директоры Инна Рейдің айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туристік индустрияның дамуына жаңа серпін береді. «Біз бұл туриндустрияның дамуына жаңаша серпін береді деп күтудеміз. Себебі, қазір елде өтіп жатқан барлық көрмелер ЭКСПО негізінде ұйымдастырылуда. Көрме аясында ерекше мекемелер мен ғимараттар салынады. Біздің ойымызда эко-қала жасау да бар», - деді ол.