Үздік ондықтың қатарында: Қазақстан мергендері Түркияда қалай өнер көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – Анталья қаласында (Түркия) садақ атудан әлем кубогының кезеңі аяқталды.

ҚР ҰОК мәліметінше, жекелей сайыста Қазақстан құрамасының атынан Адель Жексембинова ең үздік нәтиже көрсетті.
Спортшы блоктық садақ атудан тоғызыншы орынға ие болды. Роксана Юнусова 17-орыннан көрінсе, Виктория Лян 33-орын алды.
Ерлер арасындағы осы бағдарлама түрінде Андрей Тютюн мен Ақбаралі Қарабаев 17-орынға табан тіреді. Бунед Мирзаметов 33-орында аяқтады.
Классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин 17-орынға ие болды. Дәулеткелді Жаңбырбай мен Дастан Кәрімов 33-орыннан көрінді, ал Әлихан Мұстафин 73-орын алды. Самира Жұмағұлова жарысты 33-орында аяқтаса, Диана Тұрсынбек - 65, Мадина Заемова - 71-орында тұрақтады.
Сондай-ақ, еліміз бұл кезеңде командалық жарыстарда да сынға түсті.
Блоктық садақ ату
Ерлер - тоғызыншы орын
Әйелдер - тоғызыншы орын
Аралас құрам - тоғызыншы орын
Классикалық садақ ату
Ерлер - сегізінші орын
Әйелдер - тоғызыншы орын
Аралас құрам - алтыншы орын
Айта кетейік, нысана көздеуден қазақстандық мерген әлем кубогының қола жүлдегері атанды.