«Ұжымдық келісімшарт жасаңыздар!» шарасы жалғасуда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық кәсіподақ кеңесі былтыр жыл бойы өткізілген «Ұжымдық келісімшарт жасаңыздар!» акциясының қорытындысын шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Акция барысында жұмыс берушілермен 1 377 ұжымдық келісімшарт жасалды, 55 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды, деп хабарлады облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Владимир Стрелковский. Бүгінде облыстық кәсіподақ 1 400 бастауыш ұйымның басын біріктіріп отыр, оларға 150 мың адам мүше. Облыстың көптеген кәсіпорындарының келісімшарттарында қосымша құқықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы жұмысшылар мен олардың балаларын сауықтыру ісін жүргізеді, жас отбасыларға материалдық қолдау көрсетіп, оларға баспана алуға пайызсыз ссудалар береді. «Еуразиялық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының жұмысшылары да осындай жеңілдіктерге ие. «Крендель», «Өрт қауіпсіздігі техникасы», «Павлодарлифт» фирмалары, трамвай басқармасы, картон-рубероид зауыты да ұжымдық келісімшарт міндеттемелерін қатаң орындап отыр. Облыстық кәсіподақ басшысының атап көрсетуінше, өкінішке орай, кейбір кәсіпорындарда әлі күнге дейін мұндай ұжымдық шарттарға қол қойылмаған. Владимир Стрелковский ағымдағы жылы да облыста «Ұжымдық келісімшарт жасаңыздар!» акциясы жалғасын табатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар