V Астана экономикалық форумына дайындық жұмыстары аяқталды - ұйымдастырушылар

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында форум ұйымдастырушысы - «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының атқарушы органы төрағасы Мұрат Қарымсақов мәлім етті.
Оның хабарлауынша, биылғы форумның негізгі тақырыбы - «Жаһандық трасформация жағдайында әлемдік экономиканың даму проблемалары мен оның болашағы».
Оның аясында негізгі 42 шараны өткізу жоспарланып отыр. Бағыттары: Әлемдік экономика және қаржы капиталы, индустриялық-инновациялық даму, тұрақты даму және әлеуметтік қауіп-қатерлер.
«Дәл қазіргі кезде форумға қатысу үшін 6800 делегат тіркелді. Олардың 5 мыңы Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтары болса, қалған 2 мыңы - шетелден келетін қонақтар. Олардың ішінде Нобель сыйлығының 11 лауреаты бар. Аты аңызға айналған Джон Нэш, Роберт Манделл, Роберт Ауманн, Кристофер Писсаридес форумға қатысатын мәртебелі меймандардың бірі ретінде тіркелген»,-деп атап көрсетті М. Қарымсақов.