V Астаналық экономикалық форум шеңберінде Инновациялық конгресс өтеді

Конгресс V Астаналық экономикалық форум шеңберінде болады. Шара ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастыратын болады.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биылғы жылы Конгресс бағдарламасы «Инновациялық кәсіпкерліктің дамуы: мәселелері мен шешімдері» тақырыбындағы пленарлық отырыстан және «Технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін инновацияға жеке инвестициялар» тақырыбындағы панельдік сессиядан тұрады. Сонымен қатар, Конгресс аясында Инновациялық жобалар көрмесінің ашылуы да жоспарланып отыр.
Конгресс барысына Фраунхофер институты (Германия), Даедеок Иннополис (Оңтүстік Корея), «Сколково» қоры (Ресей), Аргон ұлттық зертханасы (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания) сияқты ғылыми-зерттеу институттары мен даму институттарының жетекшілері қатысады деп күтілуде. Американдық физик, Нобель сыйлығының лауреаты профессор Гелл-Манн Мюррей шараның құрметті қонағы болмақ. Жалпы алғанда, Конгресс Германия, Жапония, Корея, Швейцария, Италия, Ресей, Франция, АҚШ, Ұлыбритании, Туркия, Иордания, Латвия, Чехия, Малайзиядан барлығы 25-тен астам үздік шетелдік спикерлердің басын қосады.
Шараның басты тақырыптарының бірі инновацияның қаржыландарылуы жайына арналмақ. Тәжірибе көрсеткендей, жеке секторды инвестициялауды қолдау үшін мемлекет қолайлы шаралар туғызуы қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Астаналық экономикалық форум шеңберінде Инновациялық Конгресс өткізгелі бері, оған әлемнің 15 елінен 60-тан астам спикерлер қатысқан. Сонымен қатар, шетелдік серіктестермен 10 Меморандумға, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық туралы 1 Келісімге қол қойылған, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басшыларының қатысуымен шетелдік серіктестермен 12-ден астам кездесулер өтіп, келіссөздер жүргізілген.