V Азия ойындары: Қазақстан төртінші орында келеді
«Алтынды» - Айдос Құлманбетов (белбеу күресі), «күмісті» - Перизат Жақыпбекова (белбеу күресі) және Ернар Шымбаев (бильярд), «қоланы» Бекбол Нұрланұлы, Ерсұлтан Мұзаппаров (екеуі де белбеу күресінен), Намика Нефталиева, Ерқанат Оспан және Алмаз Сәрсенбеков (муай-тай) жеңіп алды.
Бес күнгі жарыстан кейін Қазақстан 30 медальмен (7-8-15) төртінші орынға орналасып отыр. Үздік үштік келесідей: бірінші орын Түрікменстанда - 127 медаль (53-37-37), екінші орын Иранда - 39 медаль (10-6-23) және үшінші орын Өзбекстанда - 57 медаль (7-16-34).
Айта кетейік, Қазақстан Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша 22 (6-6-10) медальмен 3-орынға көтерілген еді . Бірінші орында Түрікменстан - 89 (43-28-18), екінші орында Иран - 26 (7-4-15) елдері болды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталмыш байрақты додада ел намысын қорғауға Қазақстанның 150 спортшысы аттанды. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде.