В.Божко «Адем» сауда үйiнде болған өрттiң себебiн атады

Бiрiншi, басты себеп - бұл өрт қауiпсiздiгi техникасын сақтамау. Екiншi - осындай нысандардың қауiпсiздiк қызметiнiң енжарлығы. Олар алдымен асып-сасып өздері анықтауға тырысады, бiрдеңе жасырғылары келедi, өрт өршелене түскенде, температурасы геометриялық прогрессиямен арта бастағанда өрт сөндiру қызметi бар екендiгiн еске түсiредi. Бiз Алматыда бiрнеше рет кездестiк, осы мәселенi талқыладық, сәл бiрдеңе көрсе, иiсi шықса, бiрден бiзге хабарласуды сұрадық, бiз көмектесемiз. Олар бiз келiп, қомақты айыппұл саламыз деп қорқады. Бұл таза қауiпсiздiк қызметкерлерiнiң олқылығы», - дедi вице-министр бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.
Еске сала кетейiк, 26 сәуiр күнi Алматыдағы «Адем» сауда үйiнде iрi өрт шықты. Нәтижесiнде, 25 мың шаршы метр өртеніп кетті.