В.Божко Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 13 ақпан күні ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Қызылорда облысында аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына
None
None

жаңа басшыны таныстырды, ол - Сағынбек Өмірзақов. Бұл туралы Қызылорда облыстық интернет газеті хабарлады.

С.Өмірзақов 1965 жылы Атырау облысында туған.

Аталмыш департаментке осыған дейін жетекшілік жасаған Ерік Төлеужанов ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы болып тағайындалды.

В.Божко өңірге жұмыс сапары барысында сондай-ақ, Сырдария өзенінен мұз бен судың қауіпсіз өту барысын көріп қайтты.

Соңғы жаңалықтар