Вьетнам экономикасының барынша дамыған секторлары Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі бағдарламаны толықтыра алады- ҚР Премьер-Министрі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында біздердің елдердің арасында оны дамытудың өте ауқымды кеңістігі бар. Дүниежүзілік банктің ақпараты бойынша, Вьетнамның экономикасы әлемдегі ең қарқынды дамушылардың бірі. Осы елдің экономикасының барынша дамыған секторлары Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі біздің бағдарламаны өте жақсы толықтыра алады», деді К. Мәсімов бүгін Вьетнам Премьер- Министрі Нгуен Тан Зунгпен өткізген келіссөздерден кейінгі брифингте.
ҚР Үкіметі басшысы бүгінгі кездесу барысында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар өте маңызды мәселелер талқыланғанын атап көрсетті. «Біз бүгін нақты пункттер бойынша уағадаластық. Бірінші бағыт - бұл Қазақстан мен Вьетнамның, сондай-ақ үшінші елдердің аумағында отын-энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту», деді К. Мәсімов.
Сонымен қатар келіссөздер барысында өзара туризмді дамыту жөнінде келісілген. Сондай-ақ Қазақстандағы Вьетнам студенттеріне және Вьетнамдағы Қазақстан студенттеріне стипендия беру туралы шешім қабылданған. «Мен бүгінгі сапар және Үкімет басшыларының құзырлы органдар деңгейіндегі бүгін қол жеткізген уағдаластықтары екі ел халқының игіліктері үшін біздің елдерді дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», деп атап көрсетті ҚР Премьер-Министрі.