Вьетнам Елшілігі ҚР Үкіметімен Қазақстанда Вьетнам Социалистік Республикасының жылын өткізу туралы келіссөз жүргізбек

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - 2012 жылы Вьетнамның Қазақстандағы жылы өтуі мүмкін. Бұл шара екі республиканың арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтың 20 жылдығына орайластырылғалы отыр.
None
None
Бұл туралы Вьетнамның Қазақстандағы Елшісі Ву Тхе Хиеп мырза бүгін БАҚ өкілдерімен болған кездесу барысында мәлім етті. 2013 жылды Вьетнамда Қазақстанның жылы деп жариялау жоспарлануда. Вьетнамның Қазақстандағы жылын өткізу бойынша келіссөздерді елшілік биыл бастамақ ниетте. Дипломаттың атап көрсетуінше, мұндай қадамдар ортақ құндылықтар мен мүдделерге ие екі халықты жақындастыра түседі. Екі елдің арасындағы ресми дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы қыркүйектің 26-сында басталды. Ал 1994 жылдың ақпан және маусым айларында екі елдің сыртқы істер министрлері экономика-сауда қарым-қатынастары туралы келісімдерге қол қойды. 2008 жылы шілденің 1-інде Вьетнамның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
Соңғы жаңалықтар