10:24, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Вьетнамда доңыз тұмауы тіркелді
ХАНОЙ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Вьетнамда А (H1N1) тұмауымен ауырудың бірінші оқиғасы тіркелді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, вирус жақында АҚШ-тан оқудан оралған вьетнамдық студенттен анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Әлгі студентпен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынды.