08:13, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Вьетнамда «Хайян» тайфунының екпінінен 6 адам опат болды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Филиппинде бірнеше мың адамның өмірін жалмаған "Хайян" тайфуны Вьетнамның солтүстік жағалауына келіп жетті, деп хабарлады Би-би-си.

Желдің жылдамдығы сағ. 157 шақырымға жетеді.
Вьетнамның бірнеше ауданында 600 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алты адам табиғи апат салдарынан көз жұмды.