10:18, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Вьетнамда жұбайының көзіне шөп салғандар айыппұл төлейді
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Вьетнам билігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуымен айыппұл төлету арқылы күреспекші. Аталған үкіметтің жарлығы 11-ші қарашадан бастап күшіне енді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Аталған құжатқа сәйкес, теріс қимылға барған азаматтар 1 ден 3 миллионға дейін Вьетнам донгы немесе 45-145 доллар мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ерлі-зайыптылардың осындай әрекеттерінің зардабы отбасы мүшелеріне тиіп жатса, олар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.
Кемелеттік жасқа толмаған жанға үйленгендерге 45-тен 145 долларға дейін айыппұл салынады.
Вьетнам немесе шетелдік азаматтығын алу үшін некеге тұрғандар мемлекет қалтасына 10-20 миллион донгқа дейін ірі көлемдегі қаржы құятын болады. Ал ажырасқысы келетін жұптар мемлекетке 20 миллион донгқа дейін айыппұл төлейтіндігі көрсетілген.