15:27, 30 Мамыр 2014 | GMT +5
Вьетнаммен ЕАЭО еркін сауда аймағын құру туралы келісім қол қою кезеңінде - Е.Кузьмина
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО мен Вьетнамның арасында еркін сауда аймағын құру туралы Келісім қол қою кезеңінде, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингі барысында РҒА Экономика институтының Посткеңестік елдер орталығының посткеңестік елдерді экономикалық дамыту секторының басшысы Елена Кузьмина.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. «Кез келген елдердің одағына кіруге шекаралар ашық. Бүгінгі таңда, әрине, бұл ең алдымен посткеңестік кеңістікті тұспалдайды. Мұнда ЕАЭО-қа түрлі форматтарда ену болады. Экономикаларға дайындалу қажет, қаржы жүйесі дайындалуы тиіс. Екінші нұсқа, мемлекеттер тобымен мемлекет еркін сауда аймағы туралы келісім - өте перспективалы тиімді жол. Осындай келісімге қол қоюды аяқтау кезеңінде Вьетнам тұр», - деді Е.Кузьмина.
Оның айтуынша, мемлекеттердің ЕАЭО аясындағы ынтымақтастыққа қызығушылығы бірлестіктің дамуына қатысты артады.