18:15, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
В.Орбан: ЕО пен ЕАЭО арасында ешқандай қайшылық жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп есептейдi.

"Құрметтi Премьер-Министр Кәрiм Мәсiмов, бiз Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың арасында ешқандай қайшылықтарды көрiп тұрғанымыз жоқ. Бiз аталмыш одақтар арасында тығыз қарым-қатынас болғанын қалаймыз. Бiз Мажарстан мен Қазақстанды Лиссабоннан Владивостокқа дейiн созылатын бiр одақтың аясында байланыстыруды құп көремiз", - деп атап өттi ол бүгiн Астанада өткен Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында.
Еске сала кетейiк, Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан Астанаға бiр топ кәсiпкерлермен бiрге iссапармен келген болатын.