В.Путин Н.Назарбаевты Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады
«Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық салалардағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің әлемдік аренадағы лайықты абыройы мен халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешудегі маңызды құрылымдық рөлін атап өтті», - деп хабарлады Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметінен.
Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың достық, серіктестік және тату көршілік сипатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты іске қосумен байланысты түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастығының жаңа болашағын атап өтті.
В.В.Путин Ресей мен Қазақстан халықтарының еуразиялық кеңістікте интеграциялық үдерістерді жеделдету, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде екіжақты негізде де, көпжақты негізде де өзара тиімді байланыстарды одан әрі кеңейтуге деген сенімділігін білдірді.