16:44, 31 Желтоқсан 2014 | GMT +5
В.Путин Н.Назарбаевты Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
МӘСКЕУ - АСТАНА. ҚазАқпарат - Артта қалып бара жатқан жылда қазақстандық-ресейлік өзара қарым-қатынас одақтастық, көршілестік сипатында дамыды. Екіжақты ықпалдастықтың арқасында посткеңестік кеңістіктегі интеграция мәселесі жаңа белеске көтерілді: 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭС ресми түрде жұмысын бастайды.
Бұл туралы РФ Президенті В.Путиннің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа жолдаған құттықтауында айтылады.
РФ Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, В.Путин екіжақты және халықаралық күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді шешу барысында екі елдің ықпалдастық пен нәтижелі диалог орната алатынына, және де оның көршілес Қазақстан мен Ресей елдерінің мүдделеріне сай болатынына сенім білдірді.