В.Путин: РФ мен Қазақстан ДСҰ-на Минскісіз кіруге дайын

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат -Егер Беларус Кедендік кодекске қосылмаса, РФ мен Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына екіжақты негізде кіретін болады.
None
None

Бұл туралы Санкт-Петерборда журналистер алдында сөз алған РФ Премьер-министрі Владимир Путин мәлемдеді, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Ресей Премьерінің айтуынша, Беларус мемлекетішілік барлық келісімді аяқтаған соң, «дәл сол сәтте» сәйкес құжаттарға қол қойылып, барлық үш мемлекет ДСҰ кіру бағытында жұмыс істейді. «Егер бұлай болмаған күнде, біз екеулеп іске кірісеміз», - деді В.Путин.

Сонымен қатар Премьер ұйымға мүше мемлекеттер санының қысқаруы ДСҰ-на кіруді жеңілдететіндігін ескертті. «Осындай форматта ДСҰ-на қосылу жеңіл болады», - деді В.Путин, бұл Беларуспен ықпалдасуды тоқтатуға себеп болмайтынына назар аудара келіп.

Соңғы жаңалықтар