В.Путин: «Жібек жолы» мен ЕАЭО жобаларын ұштастыру аймақ елдерінің мүдделеріне сай келеді

«Біз екі үлкен жобаны - «Жібек жолы» экономикалық аймағы мен Еуразиялық экономикалық одақ ауқымындағы және біздің РФ-ның шығысындағы көлік инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі жоспарларымыздағы өзара іс-қимылдарымызды ұштастыру жұмыстарымен белсенді жұмыс жасап жатырмыз», - деді Путин.
Оның айтуынша, бұл мәселе ШЫҰ елдері басшыларымен әлденеше рет талқыланды. «Осы бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру біздің өзара мүдделерімізге толық жауап береді. Бұл шараларды әзірлеу барысында да сіздердің көмектеріңізге, сіздердің қолдауларыңызға үміт артамын», - деді ресейлік көшбасшы ШЫҰ СІМ басшыларына қарата.
Жеңіс күні мерейтойы қарсаңындағы Мәскеудегі келіссөздер кезінде В. Путин мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолы» экономикалық белдеуі жобасы ауқымындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемеге қол қойды.
Әңгіме Азия мен Еуропа арасындағы елдер арасында көлік, энергетика, сауда дәлізін құру жобасы жөнінде болып отыр, оған Қытай қазірдің өзінде арнайы қор арқылы 40 млрд. доллар бөлуге ниетті. Мәлімдеме Ресей, Қазақстан Беларус, және Армения кіретін Еуразия экономикалық одағы құрылысы мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуін ұштастыруды көздейді. ЕАЭО ауқымында қатысушылар қазірдің өзінде тауарлардың, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуде.