V Ұлттық Дельфий ойындарында Астана мен Қарағанды облысы алтын наградаларға көбірек ие болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығармашылық жарыстарды жабу, ойындардың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өткен сенбі күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма теватрының сахнасында өтті.
Республикалық дельфий ойындарына еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам 10 мен 25 жастың аралығындағы жас дарындар қатысты. Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы ұйымдастырды.
Конкус музыкалық, орындаушылық, би, бейнелеу өнері, сондай-ақ суретке түсіру, WEB-дизайн саласындағы 13 аталым бойынша жүргізілді.
Ойындар қорытындысында алаң иелері қарағандылықтар мен Астанадан келген қатысушылар бәрінен көбірек алтын награда жинады. Оларда командалық есепте бірінші орындарға ие болған 6 лауреаттан бар. Екінші орында - Атырау (5 бірінші орын), үшінші орында - Павлодар облыстары (4 бірінші орын). Алматылық балалар V Ұлттық Дельфий ойындарының үш алтын медаліне қол жеткізді.
Белгілі композитор, сенатор Төлеген Мұхамеджанов лауреаттарға игі лебіздерін білдірді.
Барлық делегациялардың жетекшілеріне Қарағанды облысы басшылығының атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Енді алтын медаль иегерлері биыл Арменияда өтетін Бүкіләлемдік Дельфий ойындарына қатысады.