В.Янукович Украина портында теңдей үлеспен бірлескен астық терминалын салуды ұсынды

СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Украина президенті Виктор Янукович Украина аумағында бірлескен астық терминалын салу ұсынысын жасады. Бұл туралы ол бүгін Ақордада жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.
None
None

«Біз астық нарығында Қазақстанның әріптес болуын қалаймыз. Мен осыған байланысты тиісті ұсыныс жасадым. Атап айтқанда, Украина портында елу де елу үлеспен бірлескен астық терминалын салу қажет», деп атап өтті В.Янукович.

Осы тұрғыда баспасөз мәслихаты кезінде Елбасы Украина басшысының бұл ұсынысын құптады.

«Екі ел арасындағы ұстанымдар өзара жақын және сәйкес келеді. Осыған байланысты бұл біздің ынтымақтастығымызда оң алғышарттарды құрып отыр», деді Украина басшысы.

Соңғы жаңалықтар