Вадим Шарлаимов Тбилисидегі әлем чемпионатының 1/64 финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Семсерлесуден Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы сапы жаттығуының жекелей сайыстары басталды.

Cпортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Қазақстан атынан бұл бағдарламада Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов және Руслан Курбанов бақ сынады.
Әлемдік рейтингтегі жоғары көрсеткішінің арқасында арқасында Руслан Курбанов келесі айналымға бірден іріктеусіз шықты. Ал қалған спортшыларымыз плей-офф-қа шығу үшін іріктеу бәсекелеріне қатысқанымен, олардың арасынан тек Вадим Шарлаимов қана өтіп, жарысты жалғастыратын болды.
Айта кетейік, ерлер арасындағы командалық сапы жарыстары 29 шілдеде басталады. Бұл бәсекеде Эльмир Алимжановтың орнына Кирилл Проходов өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары Ресей және Беларусьтегі халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті.