13:20, 30 Сәуір 2021 | GMT +5
Вакцина бойынша АҚШ компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр - Алексей Цой
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу бойынша шетелдік компаниялармен арадағы келіссөздер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қадамдар вакцинаның қолжетімдігіне байланысты. Атап айтқанда, америкалық компаниялармен тиісті келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта вакцинаны жеткізу бойынша нақты мерзім болмай тұр. Негізінен, биыл жылдың екінші жартыжылдығына белгіленіп тұр», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
«Бұл келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Нақты ақпарат болғанда және жеткізу мерзімін нақтыласақ, бұл мәліметті жариялайтын боламыз», - дедің А. Цой.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға араб вакцинасы жеткізіледі.
Осы арқылы елімізде КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады.