Валентина Хальзова Странджа турнирінде жүлдеге таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан Странджа турниріндің екінші жарыс күнінде, 26 ақпанда ел құрамасынан Валентина Хальзова (75 келі) жартылай финалға шықты.

в
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы, әлем чемпионы, Валентина Хальзова 1/4 финалда Амалия Нитамен (Румыния) жұдырықтасты.

Жекпе-жек бойы отандасымыз рингте сенімді қимылдап, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті. Қорытынды есеп: 5:0.

Валентина Хальзова 1997 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. 2016 жылы әлем чемпионы атанса, 2022, 2023 жылдары қола жүлде алды. 

2017 жылы Азия чемпионатында күміс жүлдегер болды.

Айта кетсек, 26 ақпанда ел құрамасынан Мәдина Еұршаева (70 келі ), Бақыт Сейдіш (70 келі), Мария Сидоренко (75 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Айгерім Сәттібаева (48 келі), Әнел Құдайберген (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Илья Калинин (65 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Ал Әнел Сақыш (54 келі), Элина Базарова (54 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (70 келі), Етуған Зейнуллинов (65 келі), Лаура Есенкелді (65 келі) жарыстың келесі сатысына шықты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум