«Валют-Транзит Банктен» несие алған заемшылар 8 миллиард теңге және 4 миллион АҚШ долларын қайтарулары тиіс - прокуратура

ҚАРАҒАНДЫ.  Қыркүйектің 10-ы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бұған  дейін «Валют-Транзит  Банк» акционерлік қоғамынан      несие алған  заемшылар, сот шешіміне  қарамастан,   қарыздарын   қайтарудан бас тартуда.  
None
None

 Бұл жайт   Қарағанды  қаласының Қазыбек би  аудандық прокуратурасы  жүргізген  тексерудің         нәтижесінде анықталып  отыр.

Прокуратура   Қазыбек би  ауданы сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінің   орындауында  болған  «Валют-Транзит  Банк»  акционерлік  қоғамын  тарату комиссиясының    пайдасы үшін   қарыздарды өтеу  туралы  атқарушы  өндірістердің заңдылығын  тексерді.  «Сот орындаушыларының  қарауында  жеке және    заңды тұлғалардан  18 миллиард теңгеден асатын  соманың және   4 миллион  АҚШ доллары көлеміндегі    борыштарды қайтару  туралы  800-ден астам сот  актісі  болған.  2009 жылдың   6 айының  қорытындысы  бойынша    аталған атқарушы  өндірістерден  8 миллиард  теңгеден  астам  сома   мен  4 миллион  АҚШ долларының   673    сот  актісі қалған. Осылайша, сот өндірістерінің  әлі 78 пайыздан  астамы  орындалмай  отыр»,  деп  атап көрсетті       Қарағанды  қаласы  Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі Әлия Назарғалиева.

 Прокурорлар   тарату комиссиясының  да,  сот орындаушыларының да  қызметінен   ешқандай кінәрат таппады.   «Бірақ   борышкерлер     заңды күшіне  енген сот   шешімдері  бойынша  қарыздарын  қайтарудан бас тартуда.  Көптеген  азаматтар,   бұл   әрекеттерін  «Валют-Транзит  Банк» акционерлік  қоғамының   жабылды», деген уәжбен түсіндіреді,  сондықтан да  олардың пікірінше,   банк заемдары  бойынша   несие  қарыздарын   қайтаруға  негіз жоқ көрінеді.   Олар қатты қателеседі»,  дейді Ә.Назарғалиева.

Осыған  байланысты прокурорлар   азаматтарды сот   орындаушыларының  талаптарын  орындамағандары  үшін  жауап  беретіндерін  ескертіп,    банктен  алған    несиелері  бойынша     қарызды  өтеудің  ретін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар