08:25, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
«Валют-Транзит Банктің» бұрынғы президенті мерзімінен бұрын қамаудан шыға алмады
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Валют-Транзит Банктің» бұрынғы президенті Айтбақы Біләловке (Андрей Беляев) шартты түрде мерзімінен бұрын қамаудан босатуға рұқсат берілген жоқ,

деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облыстық басқармасынан. Естеріңізге сала кетейік, А.Біләлов сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған. Қамауға алынғалы бері осы мерзімнің жартысы өтті. Осы жағдай А.Біләловке шартты мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқық береді. А. Біләлов осы құқықты пайдаланған болатын. Бірақ, өтінішті қарап шыққан Қылмыстық ?атқару жүйесі комитеті басқармасының жанындағы арнайы комиссия рұқсат берген жоқ. Комиссия шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға негіз жеткіліксіз, түзету мекемесі әкімшілігінің атынан берілген алғыстарына қарамастан, «Валют-Транзит Банктің» бұрынғы президенті «түзелу жолына әлі толық тұрмаған» деп санайды.