Валюта нарығындағы ахуал тұрақты - Ұлттық банк төрағасы

АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Маусым айында біз валюта бағамына 7 рет араластық. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай атап өтті.
None
None

"Соңғы 1,5 айда валюта бағамы 146,50-147,75 аралығында өзгерді. Нарық қандай да бір бағытта жылдам қозғала бастаған кезде ғана интервенция жасаймыз. Нығаю қозғалысы ұсыныстан жоғары болған кезде және ұзынқұлақтың Қазақстаннан тыс алып-қашпа сөздерімен жүреді. Жалпы теңге нығаюы керек еді, бірақ ол көбіне басқа жаққа қозғалды. Бұған Қазақстаннан тыс елдерден келетін ақпараттар түрткі болды", дейді Ұлттық банкі төрағасы Г. Марченко. Маусымда теңгенің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 146,65-147,55 теңге диапазонында өзгерді. Теңге 0,6 пайызға әлсіреп, айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ доллары үшін 147,55 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі мамырмен салыстырғанда қосымша сауда-саттықтағы мәмілерді ескере отырып 7,8 пайызға өсіп, 5,5 миллиард доллар болды. Ал биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 22,8 пайызға төмендеп, 5,3 миллиард долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар